2011 жылдың 23-наурызынан 29-наурызына дейінгі аралықта Алматы қ. балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің ішекті, үрмелі және ұрмалы аспаптарының, ансамбль және оркестр ұйымының оқушылары арасында 45-ші республикалық жас музыканттардың білім беру фестиваль-байқауы өтті.
Аталған фестиваль-байқау ерекше қабілетті, кәсіби болашағы бар оқушыларды айқындау, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жақсарту және олардың орындаушылық шеберлігін жоғарылату мақсатында, жылсайын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің басшылығымен өткізіледі.
Республикалық байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 979-дан астам бала қатысты. 24-27 наурыз аралығында үш жас тобы бойынша (кіші, орта, жоғары) 175-тен аса жеке орындаушылар байқаудан өтті. 28 наурызда ансамбльдер және оркестрлер ұжымы бойынша байқау өткізіліп, оған 37 балалар құрамы қатысты.
Шығыс Қазақстанның атынан осы байқауға Семей, Өскемен, Риддер қалаларының (жеке орындаушылар) және Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің (жеке орындаушылар және ансамбль) «құрама» командалары қатысып көзге түсті. Құрамға Бас-Жүлде және І дәрежелі дипломдардың иегерлері атанған – 11 жеке орындаушы және МДБ ОММ ішекті ансамблі сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының балалар оркестр ұжымдары арасында Бас-Жүлдені жеңіп алғандар республикалық байқауға қатысты.
Жылсайынғы Республикалық жас музыканттар фестиваль-байқауында Шығыс Қазақстан өкілдерінің жеңімпаз атануы жақсы дәстүрге айналды. Жылдан жылға облысымыздың балалар музыка мектептерінің оқушылары кәсіби жағынан өте күрделі байқаудың әр түрлі мамандықтары бойынша (фортепиано, ішекті, үрмелі, халық аспаптары, оркестр және балалар хор ұжымдары) дипломант құрмет атағымен және 1-3 дәрежелі иегері жеңімпаздары атануда. Жас музыканттар Алматы қ. абыроймен қатысып, біздің үмітімізді осы жолы да ақтады. Шығыс Қазақстан тағы бір мәрте екі бірінші орынға ие болды –олар мамандандырылған мектептер арасында (Омаров Данияр (труба)- Өскемен қ. Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп) және балалар музыка мектебі (Хайбуллина Альбина (скрипка) –№ 1 БММ Семей қ.).
Сондай-ақ 45-ші республикалық жас музыканттар байқауының музыка орталығындағы ең мәртебелі шығармашылық жарысында лауреаттар атанғандар:
II орын – Калинина Дарья (валторна), Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп оқушысы;
II орын – Жұмабаева Малика (скрипка), Семей қ. №2 БММ оқушысы;
III орын – Литвинов Константин (гобой), Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп оқушысы;
III орын – Березикова Виолетта (виолончель), Өскемен қ. № 1 БММ оқушысы;
III орын – Васильев Иван (гобой), Риддер қ. БММ оқушысы;
Байқау Дипломы – Косачева Алена (скрипка), Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп оқушысы;
Ансамбль және оркестр байқауында тағы да бір жеңіс: БММ және БМИ 17 балалар шығармашылық ұйымының арасындағы – 45 Республикалық байқауға қатысқан Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің Ішекті ансамблі (жетекшісі: Герасименко О.Н) үшінші орынға ие болды.
Біз Жас музыканттарды жеңістерімен және жоғары кәсіби жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта биік белестерден көріне беруге тілектестігімізді білдіреміз.