Шығыс Қазақтан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 17-20 қарашасы күндері Шүлбі кентінде «Алтын дауыс» облыстық вокалистер конкурсын өткізетіні жайлы хабарлайды.
Конкурстың мақсаты: шығармашыл балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдаукөрсету, сахнада ән айта білу шеберліктерін хабарластыру, жас вокалистерге шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру.
Конкурс жалпы білім беретін мектептер мен облыстық мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасында болады.
Конкурс екіайналымда өткізіледі:
«Халықтық ән айту» - халықтық әндер, авторы белгілі халықтық стильдегі әндер;
«Эстрадалық ән айту» - кең таралған эстрадалық әндер, джаз шығармалары.
Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2 оқушыдан (әр қатысушы екі номинация бойынша) қатысады.
Конкурстың Ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.
Конкурсқа қатысушыларда музыка аспаптары (аспаптық фонограмма – минус 1), USB-жинақ флешкасында минус 1 фонограммасы болуы шарт.
Қатысушыларды тіркеу үшін 2015 жылдың 10 қарашасына дейін Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒПО «Дарын») тел/факс 8/7232/552012 немесе vk_daryn@ mail.ru электронды мекен-жайына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары немесе облыстық мамандандырылған мектептердің директорларының қолы қойылған келесі үлгідегі өтінімді жіберу қажет:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні
|
Аудан, қала |
Мектеп
|
Сынып
|
Сазгердің аты-жөні, шығарма атауы, ұзақтығы |
Оқытушының аты-жөні, байланыс телефоны |
Қатысушылардың Шүлбі кентіне келуі 17 қараша күні сағат 12.00-ге дейін, қайтуы 20 қараша күні сағат 09.00-ден кейін. Аудандардан (қалалардан), мамандандырылған мектептерден қатысатын 1 жетекші мен қатысушылардың тамақтануы мен тұруы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының, жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің есебінен төленеді.
Қатысушылардың барлығы өздерімен міндетті түрде:
1. туу туралы куәлігінің көшірмесін;
2. медициналық мекемеден арнайы анықтама (қосымша орыс нұсқада);
3. күнделікті және салтанатты киім;
4..концерттік нөмірлерге - костюмдер, фонограмма, музыкалық аспаптарын алып келулері қажет.