Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет салуға қабілеті бар оқушыларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру мақсатында І облыстық сурет конкурсын өткізді.
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 5-10 сынып оқушылары қатысты.
Конкурс екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде оқушылар «Мен тұратын мемлекет» тақырыбында үйден салып әкелген суреттерін қорғады. Конкурстың екінші кезеңінде қатысушылар «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында сурет салды. Оқушылардың жұмыстарын Қазақстан суретшілер Одағының, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшелері мен өңірдің жетекші жоғарғы оқу орындарының бейнелеу және сызу кафедрасының оқытушыларынан құралған білікті мамандар бағалады.
Конкурсты ұйымдастыру жоспарына сәйкес қатысушыларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар мен шеберлік сыныптар жүргізілді.
Сурет конкурсының қорытындысы бойынша 18 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 3, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 9 оқушы анықталды.
1-орынмен марапатталғандар:
- Тарбағатай ауданы, Өнер мектебінің 6-сынып оқушысы Ержанов Даулет;
- Глубокое ауданы, Ушанов орта мектебінің 7-сынып оқушысы Александрова Данель;
- Аягөз ауданы, Өнер мектебінің 10-сынып оқушысы Умержанов Меиржан.
2-орынмен марапатталғандар:
- Жарма ауданы, Ш. Уәлиханов ат. орта мектептің 6-сынып оқушысы Сұлубай Жеңісбек;
- Өскемен қаласы, ДБА ОММФИМЛ 6-сынып оқушысы Бедукадзе Ксения;
- Аягөз ауданы, Д. Бабатайұлы ат. орта мектептің 7-сынып оқушысы Құмаров Бақытжан;
- Курчатов қаласы, мектпе гимназиясының 7-сынып оқушысы Жумакельдина Аяулым;
- Бородулиха ауданы, экономикалық лицейдің 10-сынып оқушысы Аканова Анель;
- Шемонаиха ауданы, Н.Островский ат. орта мектептің 10-сынып оқушысы Климова Юлия.
3-орынмен марапатталғандар:
- Абай ауданы, Өнер мектебінің 6-сынып оқушысы Шукманова Назерке;
- Күршім ауданы, №3 орта мектептің 6-сынып оқушысы Кәкеш Іңкар;
- Жарма ауданы Ш. Уәлиханов ат. орта мектептің 8-сынып оқушысы Ризабек Құттыбай;
- Аягөз ауданы, №4 орта мектептің 6-сынып оқушысы Рахымбаева Назерке;
- Бородулиха ауданы, экономикалық лицейдің 8-сынып оқушысы Головайчук София;
- Тарбағатай ауданы, Құйған орта мектептің 8-сынып оқушысы Даниялханов Ақниет;
- Өскемен қаласы, ДБА ШҚОММЛИ 9-сынып оқушысы Оразбекова Аида;
- Тарбағатай ауданы Өнер мектебінің 9-сынып оқушысы Бакытбекова Жұлдыз;
- Катонқарағай ауданы, Шығармашылық үйінің 9-сынып оқушысы Нуролдинов Досжан.
Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар беріліп, жүлдегерлерге грамота табысталды.
Жүлдегерледі жеңістерімен құттықтаймыз!