Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 21 қазанында Халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңінөткізді.
Бұл шара жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру, облыс оқушылары арасында шахмат ойынын кеңінен тарату, қалалар мен аудандардағы жас шахматшылар арасында достық және спорттық байланыстарды нығайту мақсатында болды.
Турнирге 9 жастан 17 жасқа дейінгі 49 оқушы қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша 14 оқушы жүлдегер атанып, 3 ойыншы «Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясымен марапатталды.
1 орынмен марапатталғандар:
Ұлан ауданы Р. Марсеков атындағы ОМ 3 сынып оқушысы Айша Жарқынқызы;
Семей қаласы №37 МГ 3 сынып оқушысы Жақсылық Ақылбек;
Көкпекті ауданы І. Жансүгіров ат. ОМ 5 сынып оқушысы Назерке Әділханова;
Семей қаласы №37 МГ 5 сынып оқушысы Рауан Төлегенов;
Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Аяулым Науанқызы;
Аягөз ауданы №5 ОМ 9 сынып оқушысы Мағжан Мұратұлы.
2 орынмен марапатталғандар:
Өскемен қаласы №11 МГ 3 сынып оқушысы Батырхан Манарбекұлы;
Семей қаласы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 7 сынып оқушысы Жандос Жанатов;
Семей қаласы № 37 МГ 9 сынып оқушысы Мади Матымов;
Жарма ауданы Крупская атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Арна Көбелекова.
3 орынмен марапатталғандар:
Ұлан ауданы Р. Марсеков ат. ОМ 3 сынып оқушысы Арсен Касенов;
Ұлан ауданы Р. Марсеков ат. ОМ 6 сынып оқушысы Жандос Ерназар;
Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Қасым Аубакиров;
Аягөз ауданы Сарыарқа орта мектебінің 9 сынып оқушысы Альмира Биғазина.
«Жеңіске ұмтылысы үшін» номинациясымен Глубокое ауданы №1 Белоусовка ОМ 10 сынып оқушысы Николай Арабеж, Тарбағатай ауданы Қ. Қайсенов ат. ОМ 7 сынып оқушысы Бекжан Ержанұлы мен Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы Гүлден Нұрқанова марапатталды.
Турнирдің барлық қатысушыларына сертификаттар, жүлдегерлерге грамоталар тапсырылды. Жеңімпаздар ағымдағы жылдың 2-10 қараша күндері Алматы қаласында Халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садуақасовтың Кубогі үшін өтетін Х Республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.