2015 жылдың 14-16 қазаны күндері Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Алатау» шипажайында (Алматы қ.) республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсын өткізді. Конкурсқа еліміздің 150-ден астам мұғалімдері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы командасының намысын өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы өткізген облыстық кезеңінің жүлдегерлері – Өскемен және Семей қалаларындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің 13 мұғалімі қорғап қайтты.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша келесі мұғалімдер:
- І дәрежелі дипломмен - Ташев Нурлыбек Есенбекович, Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің физика пәні мұғалімі;
- ІІ дәрежелі дипломмен – Отынбаева Гулшат Бекеновна, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Айтбаева Лимара Слямхановна, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
- Дроздов Константин Олегович, Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі;
- Бақыбаева Майрат Бердімұратовна, Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернатының тәрбиешісі марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен:
- Мусабекова Еркежан Толеугазыевна, Смагулова Аяулым Сайдесовна – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаттың тәрбиешілері;
- Нурпеисова Бағлан Баймұратқызы – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептің химия пәні мұғалімі марапатталды.
Республикалық конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.
Мұғалімдерді жеңістерімен құттықтаймыз!