1. Жалпы Ереже
Халықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінің (бұдан әрі - Турнир) облыстық кезеңін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) өткізеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері:
- жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушылардың деңгейін айқындау және қолдау;
- жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру;
- Шығыс Қазақстан облысы оқушылары арасында шахмат ойынын кеңінен тарату;
- қалалар мен аудандардағы жас шахматшылар арасында достық және спорттық байланыстарды нығайту.
2. Турнирдің жұмысшы органдары
Турнирге дайындық жүргізіп, өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру, жүзеге асыру үшін облыстық ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Турнирдің жалпы өткізілу тәртібін анықтайды;
- Турнирге тікелей басшылық жасайды;
- Төрешілер алқасы мүшелерінің құрамы мен санын белгілейді;
- Турнирдің нәтижесін талдап, қорытындылайды.
3.Турнирді ұйымдастыру
Облыстық турнир 21 қазан күні ФИДЕ ережесі бойынша жеті айналыммен әр қатысушыға партия аяғына дейін 15 минуттық бақылау уақытымен өтеді.
4. Турнирге қатысушылар
Турниргеәр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2002 жылғыдан бастап 1998 жылдан үлкен емес 3 ойыншы қатысады.
Турнирге қатысу үшін төмендегі құжаттар ұсынылуы тиіс:
1) аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының бекіткен тапсырысы;
2) туу туралы куәлік немесе жеке куәлігінің көшірмесі.
5. Қаржыландыру
Турнирді қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады. Қатысушылар мен жетекшілердің іссапар шығындары (жолы, тамағы, жатын орны) жіберуші жақ есебінен.
6. Марапаттау
Жүлдегерлер грамотамен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.