+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Облыстық шахмат турнирін өткізу туралы
15 Қаз, 11:32

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - «Дарын» ШҚ ӨҒПО) Өскемен қаласында 2015 жылдың 21 қазаны күніХалықаралық гроссмейстер Д. Сәдуақасовтың кубогына оқушылар арасындағы республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңін (бұдан әрі - Турнир) өткізетіні жайлы хабарлайды.

Турнирдің мақсаты мен міндеттері:.жоғары интеллектуалдық шахмат ойыны саласында дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, жас шахматшылардың спорттық шеберлігін арттыру, облыс оқушылары арасында шахмат ойынын кеңінен тарату, қалалар мен аудандардағы жас шахматшылар арасында достық және спорттық байланыстарды нығайту.

Турниргеәр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерден 2002 жылғыдан бастап 1998 жылдан үлкен емес 3 ойыншы қатысады.

Байқаудың Ережесі www.shygysdaryny.kz сайтында жарияланған.

Қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының немесе дарынды балаларға арналған облыстық мамандан дырылған мектептердің директорларының қолы қойылған өтінішті 2015 жылдың 19 қазанына дейін vk_daryn@mail.ru электрондық поштасына жіберу қажет.

Өтінім үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектеп

Сынып

Туған жылы

Санат

Байланыс телефоны

Жаттықтыру-шының

аты-жөні, телефоны

 

Қатысушылардың барлығында өздерімен бірге туу туралы куәлігінің немесе жеке куәліктің көшірмесі болуы тиіс.