+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық « Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
14 Қаз, 06:45

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 9 қазанында өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы республикалық «Үздік жыл психологы» конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты – талантты психологтарды қолдау, олардың шығармашылық және кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары арасында психология ғылымы саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату.

Облыстық конкурс 3 категория бойынша ұйымдастырылды:

1 категория – 0-ден 3 жыл еңбек өтілі бар психологтар;

2 категория – 3-тен 7 жыл еңбек өтілі бар психологтар;

3 категория –7және  одан жоғарыеңбек өтілі барпсихологтар.

Конкурсқа Өскемен, Семей қалаларынан және Абай, Аягөз, Бородулиха, Зырян, Шемонаиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Зайсан, Ұлан, Үржар аудандарының психологтары қатысты.

Конкурсқа қатысушылар психология саласы бойынша өздерінің авторлық түзете-дамыту бағдарламаларын, портфолиоларын ұсынып, мектеп мұғалімдері мен оқушыларын тарту арқылы түзете-дамыту қызметінен үзінді көрсетті.

Жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы ғалымдарынан құралған қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың жұмыстарын келесі критерийлер бойынша бағалады: ғылыми бағыттылығы және өзектілігі, ерекшелігі, тұтастылығы және қолжетімділігі, психологияның мазмұнын және әдістемелерін игеруі, креативтілігі және кәсіби шеберлігі.

Конкурстың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 9 қатысушы жүлдегер атанды.

Республикалық «Үздік жыл психологы»конкурсының

облыстық кезеңінің жүлдегерлері

Тегі, аты,

әкесінің аты

Қала (аудан)

Мектептің атауы

Алған орындары

І категория (0 ден 3 жыл)

1

Жумагалиева Акбота Талгатбековна

Семей

ҚТЛ

І

2

Слямова Анара Еркиновна

Өскемен

№26 ОМ

ІІ

3

Асылбеков Нуржан Серикулы

Өскемен

№27 ОМ

ІІІ

ІІІ категория (7 жылданжоғары)

1

Абылгазова Ляззат Асановна

Үржар

Найманбаев ат. ОМ

І

2

Нурскенова Зульфира Жумакановна

Зырян

№7 ОМ

І

3

Атиева Гулнар Жанатовна

Аягөз

№6 ОМ

ІІ

4

Захарова Валентина Александровна

Шемонаиха

Островский ат.

№1 ОМ

ІІ

5

Байкенова Гульвира Муратайкызы

Катонқарағай

Топқайың ОМ

ІІІ

6

Бекубаева Айгуль Токтагазиновна

Бородулиха

Краснополь ОМ

ІІІ

Әділқазы алқаларының шешімі бойынша республикалық конкурстың іріктеу кезеңіне төмендегі қатысушылар ұсынылды:

1.Жумагалиева Акбота Талгатбековна – Семей қаласындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің психологы;

2.Абылгазова Ляззат Асановна – Үржар ауданындағы Ә. Найманбаев атындағы орта мектептің психологы;

3.Нурскенова Зульфира Жумакановна – Зырян ауданындағы №7 орта мектептің психологы;

4.Захарова Валентина Александровна – Шемонаиха ауданындағы Н.Островский атындағы №1 орта мектептің психологы;

5. Атиева Гулнар Жанатовна – Аягөз ауданындағы №6 орта мектептің психологы;

6.Слямова Анара Еркиновна – Өскемен қаласындағы №26 орта мектептің психологы.

Жеңімпаздарға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!