+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«ІЗГІЛІК – ӨМІР НӘРІ» АТТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
07 Қаз, 09:59

1.    Жалпы ережелер

Осы Ереже «Ізгілік - өмір нәрі»  атты оқушылардың облыстық әлеуметтік  жобалар  фестиваліне дайындық және оны өткізу тәртібін айқындайды (әрі қарай - Фестиваль).

«Ізгілік - өмір нәрі»  атты оқушылардың  әлеуметтік  жобалар  фестивалі оқушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған,  тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне, өзін - өзі тануына және әлеуметтік белсенділігін дамытуына көмектесетін  іс-әрекетін мадақтау және ынталандыру мақсатында өткізіледі. Фестивальды  өткізу барысында келесі міндеттер шешіледі:

·   жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту;

·   оқушылардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

Фестивальді ұйымдастырушы - Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ШҚ ӨҒПО «Дарын»).

Фестивальді өткізу тілі қазақ және орыс тілдерінде.

2.    Фестивальді  өткізу тәртібі

Оқушылар топтық немесе  жеке сипаттағы  әлеуметтік жоба әзірлеуі тиіс. 

Жобалардың  қағаздық және электрондық нұсқасы  қабылданады. Жобаның көлемі  А4 форматындағы 10 беттен кем емес және 25 беттен артық емес (титул парағы есептелмейді) болуы тиіс, Times New Roman 14 кегль шрифті, 1 жоларалық интервал.

Жобаларды ресімдеу талаптары:

Титул парағы:

1)    Жобаның атауы

2)    Жоба авторы немесе авторларының аты-жөні

3)    Мектебі

4)    Жобаның жетекшісі

5)    Қала\аудан

Жобаларды іріктеу критерийлері:

-        әлеуметтік бағыттылығы;

-        тақырыптың  өзектілігі;

-        практикалық маңыздылығы.

3.       Қатысушылардың құрамы

Фестивальға жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мекемелердің 9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

Әр аудан (қала), облыстық мамандандырылған мектептер ұжымдық бір әлеуметтік жоба (2 оқушыдан аспауы қажет) немесе жеке  дайындалған бір әлеуметтік  жоба  ұсына алады.

4. Фестиваль жүлдегерлерін марапаттау

Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

5. Қаржыландыру

Бекітілген сметаға сәйкес Фестивальді Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы қаржыландырады.

Қатысушылардың жол шығындары жіберуші білім мекемелерінің немесе демеушілердің есебінен өтеледі.