2011 жылдың 1 - 4 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебінде» Шығыс Қазақстан облысының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің ішекті-ысқышты, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімі оқушыларының арасында 45-ші облыстық жас музыкант байқауы өткізді.
Шараның өту мақсаты – ерекше қабілеттерін, кәсіби болашағы бар оқушыларды айқындау, оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жақсарту және олардың орындаушылық шеберлігін жоғарылату, музыка педагогтары арасында қазіргі ғылыми-әдістемелік әзірлемелері бойынша тәжірибе алмастыру.
Жас музыканттардың облыстық байқауы, жыл сайын Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің басшылығымен өтетін Республикалық фестиваль-байқауының іріктеу кезеңі болып табылады.
Конкурсқа Өскемен, Семей, Риддер қалаларының, Абай, Жарма, Глубокое, Шемонаиха, Үржар аудандарының, Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептерінен (МДБ ОММ) 170 оқушы қатысты.
Конкурсқа қатысушылардың орындаулары республикалық талаптарға сәйкес бағаланды.
Білікті қазылар алқасы құрамында ағайынды халық әртістері Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжінің және Семей, Өскемен балалар музыка мектептерінің алдыңғы қатарлы оқытушылары болды. Олар жас музыканттар ойнауларын келесі критерийлер бойынша бағалады: музыкалық дарындылығының ашықтығы, орындау техникасы (дауыс ырғағының тазалығы, фразалау сауаттылығы), шығарманы стилдік жору, әртістігі, даралығы.
Конкурстың қорытындысы
Төмендегі қатысушылар ішекті-ысқышты, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімінен лауреат дипломдарын алды:
Гран -При
Касачева Алена (скрипка), МДБ ОММ;
Литвинов Константин(гобой), МДБ ОММ;
Куанова Дана (флейта) – Семей, БММ№ 1;
1 орын
Калинина Дарья (валторна) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Омаров Данияр (труба) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Коновалова Яна (скрипка) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Березикова Виолетта (виолончель) – Өскемен қ-сы, БММ №1;
Силкина Полина (скрипка) – Семей қ-сы, №1 БММ;
Хайбуллина Альбина (скрипка) – Семей қ-сы, №1 БММ;
2 орын
Казбекова Малика (скрипка) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Токтаргазы Зере (скрипка) - Семей қ-сы, №1 БММ;
Нургалиева Камила (скрипка) - Өскемен қ-сы, БММ №1;
Цибарт Алена (скрипка) – Риддер қаласы, БММ;
Оконешникова Елизавета (флейта) –Зыряновска қ-сы БММ;
Серая Анна (скрипка) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Титов Антон (кларнет) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
3 орын
Неуступкина Екатерина (флейта) - Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
Бобровская Татьяна (скрипка) –Риддер қ-сы БММ;
Тугелжанова Марал (виолончель) – Абайскй ауданы, Карменова МИ;
Вартик Алина (скрипка) –Глубокое ауданы, БММ;
Жумадилова Маржан (скрипка) – Семей қ-сы, № 1 БММ;
Бударин Артум (флейта) –Зырян қ-сы БММ;
Фролов Николай (труба) – Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылы
Ұжымдар арасында лауреат дипломдарын алғандар:
Гран – При –Ішекті ансамбілі Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
1 орын
Камерлі оркестр Семей қ-сы, №1 БММ;
2 орын
Скрипкашылар ансамбілі Глубокое ауданы;
Ұрмалы оркестр Өскемен қ-сы, МДБ ОММ;
3 орын
Скрипкашылар ансамблі №2 БММ Семей қаласы;
БМИ Шемонаиха қаласы «Вечный зов» ансамблі;
«Жастар»Үрмелі оркестрі БМИ №24 Өскемен қаласы.
Байқаудың барлық қатысушылары ШҚО білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
2011 жылдың 23-30 наурызы аралығында Алматы қаласында өтетін, Республикалық жас музыканттар байқауына қатысуға қазылар алқасы облыстық байқаудың жеке орындаушылардан Гран-приін жеңіп алған және І дәрежелі 7 диплом иегерлерін, сонымен қатар МДБ ОММ ұсынады.