+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма конкурсын өткізу туралы
07 Қаз, 09:51

 

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай- ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма  конкурсынөткізетіні жайлы хабарлайды.

Шараның мақсаты: оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға жағдай жасау, «өз елінің азаматы» деген имиджін құру, оқушыларды отансүйгіштікке, азаматшылдыққа тәрбиелеу.

Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасынан үздік 3 жұмыс қатысады.

Шығарма келесі тақырыптар бойынша орындалады (таңдау бойынша):

- «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз, «Біздің құдіретті және тұрақты мемлекетіміз – Мәңгілік Ел» (9-10 сыныптар);

- «Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік», «Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығы» (5-8 сыныптар).

Шығарма ұзын жолды оқушы дәптерінде орындалып, көлемі бес беттен аспауы тиіс. Дәптердің сыртқы бетінде оқушының тегі, аты, сыныбы, мектебі, ауданы (қаласы) көрсетілуі керек.

Конкурс жұмыстары қалалық (аудандық) білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп директорларының қолы қойылған өтінішпен бірге 2015 жылғы 20-қарашаға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында (Абай даңғылы,21) қабылданады.

 Тапсырыс үлгісі:

Аудан/қала

Қатысушының тегі, аты

Мектебі, сыныбы

Байланыс телефоны

Мұғалімінің А.Ж.Т.

Байқаудың Ережесі www.shygysdaryny.kz. сайтында жарияланған. Конкурстың қорытындысы 2015 жылғы 27 қарашада шығарылып, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.