+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма конкурсын өткізу ережесі
07 Қаз, 09:49

І. Жалпы ереже

Аталған Ереже Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты облыстық шығарма  конкурсының мақсаты мен міндеттерін, өткізу ережелері мен шарттарын белгілейді (ары қарай - Конкурс).

Облыстық Конкурстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығы (ары қарай - ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы) болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері:

- оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- шығармашыл дарынды оқушыларды анықтап, қолдауға жағдай жасау;

- «өз елінің азаматы» деген имиджін құру;

- оқушыларды отансүйгіштікке, азаматшылдыққа тәрбиелеу.

ІІ. Конкурсты ұйымдастыру комитеті   

Конкурсты ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (ары қарай - Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

- конкурсты әзірлеу мен өткізуді тікелей басшылыққа алып, жүзеге асырады;

- қазылар алқасының құрамын қалыптастырып бекітеді;

- конкурсқа қатысуға өтініштер мен қажетті жұмыстарды қабылдайды;

- конкурстың өту түрлерін анықтайды;

- конкурсқа талдау жасап, қорытындылайды, жеңімпаздарды марапаттайды.

ІІІ. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу шарттары

Конкурс жұмыстары 2015 жылғы 20-қарашаға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығында  қабылданады.

Конкурсқа әр ауданнан (қаладан), дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 5-10 сынып оқушылары арасынан үздік 3 жұмыс қатысады.

Конкурс келесі тақырыптар бойынша өткізіледі (таңдау бойынша):

- «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз, «Біздің құдіретті және тұрақты мемлекетіміз – Мәңгілік Ел» (9-10 сыныптар);

- «Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік», «Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығы» (5-8 сыныптар)

Конкурс талаптары:

Шығарма ұзын жолды оқушы дәптерінде орындалып, көлемі бес беттен аспауы тиіс. Дәптердің сыртқы бетінде оқушының тегі, аты, сыныбы, мектебі, ауданы (қаласы) көрсетілуі керек.

Талапқа сай емес және уақытынан кешіктіріліп жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Жіберілген жұмыстарға рецензия берілмейді және қайтарылмайды.

Конкурстың қорытындысы 2015 жылғы 27 қарашада шығарылып, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының (www.shygysdaryny.kz) сайтында жарияланады.

VI.          Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері

Конкурс жұмыстары келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

- көзқарасының негізділігі;

- тақырыптың ашылуы;

- қарастырылған мәселенің маңыздылығының айқындалуы, дәлелдемелерінің болуы;

- өзіндігі, даралық қасиетін көрсетуі.

IV.          Қаржыландыру

Конкурсты қаржыландыру құрастырылған және бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.

V.             Марапаттау

Конкурс жеңімпаздары дипломдармен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі