2015 жылдың 30 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушылары арасында «Өзін- өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиада Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің Өскемен қаласындағы филиалы базасында өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және дарынды балаларды анықтау үшін қолайлы жағдайлар жасау, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудандар мен қалалардан және облыстық мамандандырылған мектептерден 127 оқушы қатысты.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең - эссе жазу, екінші кезең - командалық презентация қорғау.
Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысыбойынша 49 оқушы жүлдегер атанды. І дәрежелі дипломдармен – 3 оқушы, ІІ дәрежелі – 17 және ІІІ дәрежелі - 29 оқушы марапатталды. Жеңімпаздарының тізімі қоса беріледі.
Олимпиаданың жеңімпаздары 2015 жылдың қараша айының I онкүндігінде Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында өткізілетін республикалық кезеңге қатысады.
Олимпиаданың екінші кезеңінде командалар «Әлемді сүйіспеншілік пен мейірімділікке толтырайық» деген тақырыпта презентация қорғады. Өз презентациялары арқылы оқушылар тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын және адамгершілік-рухани деңгейлерін, қазірі өмірдегі құндылық бағдарлардың өзектілігін көрсете білді.