+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Махамбеттің жыр жебесі
01 Қаз, 10:35

2015 жылдың 22-24 қыркүйегі аралығында Атырау облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу ұйымдарының оқушылары арасында дәстүрлі VІ республикалық Махамбет оқулары өтті.

Конкурстың мақсаты – оқушылардың Махамбет, Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз Жарылғасұлы және Ф. Оңғарсынованың шығармаларына деген қызығушылықтарын арттыру, насихаттау және Махамбет поэзиясына деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сайыс қорытындысы бойынша «Ұлы арман» номинациясында Бесқарағай ауданы, Үлкен-Владимировка орта мектебінің 11 сынып оқушысы   Нұрлыбек Манапов ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жүлдегерді, ата-анасын және ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға келешекте табыстар тілейміз.