Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 9 қазанында Өскемен қаласында орта білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.
Конкурстың мақсаты – талантты психологтарды қолдау, олардың шығармашылық және кәсіптік шеберлігінің өсуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары арасында психология ғылымы саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелерді тарату.
Конкурс үш категория бойынша өтеді:
1) 3 жылға дейін,
2) 3 жылдан 7 жылға дейін;
3) 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтар.
7 қазанға дейін конкурстың облыстық кезеңіне қатысу жөніндегі сұранысты көрсетілген үлгіде және конкурс жұмыстарын 8(7232) 55-20-12 телефон/факсіне немесе vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Конкурстың келесі жұмыстарын ұсыну қажет:
- І категория үшін: эссе, өзін-өзі таныстыру, авторлық бағдарламасы;
- ІІ категория үшін: эссе, өзін-өзі таныстыру, практикалық курс;
- ІІІ категория үшін: эссе, психолог портфолиосы, практикалық шара өткізу.
Өтінім үлгісі:
|
1 |
Аты, жөні, тегі (жеке құжат бойынша) |
|
|
2 |
Қала(аудан) |
|
|
3 |
Ауыл |
|
|
4 |
Жұмыс орны |
|
|
5 |
Лауазымы |
|
|
6 |
Жұмыс өтілі |
педагогикалық– психологиялық- |
|
7 |
Негізгібілім (ЖООтолық атауы), факультет, мамандығы |
|
|
8 |
Қосымша кәсіптік білім |
|
|
9 |
Атақтар, сыйлықтар |
|
|
10 |
Басылымдар(күні, басылым, жарияланымның атауы) |
|
|
11 |
Байланыс телефондары |
|
|
12 |
Е-mail |
|
|
13 |
Осыған дейін «Дарын» РҒПО өткізген іс-шараларға семинарлар, конкурстар, фестивальдар)қатыстыңыз ба? (Қатысқандарын көрсетіңіз. |
1 2 3 |