ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдері мен облыстық мамандандырылған мектептер:
1) 2015 жылы 10 қазанға дейін Конкурстың мектепішілік кезеңін;
2) 2015 жылы 19-25 қазан аралығында Конкурстың аудандық/қалалық кезеңін өткізулері қажет.
3) 2015 жылғы 30 қазанға дейін Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығына кестеге сәйкес:
- облыстық (іріктеу) кезеңіне қатысуға тапсырысты;
- есепті (1,2,3,4 формалар);
- бағалау парақтары бар хаттамаларды (үлгі қоса берілген);
- қатысушылардың жұмыстарын (қағаз және электронды нұсқаларында) беру қажет.
Тапсырылатын барлық құжаттар білім беру бөлімі басшысының (мектеп директорының) қолымен, мекеме мөрімен бекітілуі қажет.
Ғылыми жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды www.shygysdaryny.kz. сайтындағы Конкурсты өткізу ережесінен алуға болады.
Әрбір ауданнан (қаладан), облыстық мамандандырылған мектептен облыстық кезеңнің іріктеу айналымына әр секциядан үздік 3 жұмыстан жіберіледі.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен облыстық мамандандырылған мектептердің директорлары оқушылардың жұмыстары мен есеп құжаттарын кесте бойынша өткізетін жауапты адамды тағайындауы қажет. (қосымша).
Талаптарға сәйкес келмейтін және уақытынан кеш тапсырылған құжаттар қабылданбайды және қарастырылмайды.