2015 жылдың 14- 23 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы 5-9 сыныптар үшін «Нақты ғылымдар әлемі» атты мәдени-танымдық ауысым өткізді. Ауысым Шүлбі кентінде орналасқан «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасында өткізілді.
Ауысымның мақсаты-дарынды балаларға қолдау көрсетуге жағдай туғызу, академиялық дарындылықты дамыту, математика және физика пәндеріне деген жоғары танымды қызығушылықтарын арттыру, патриотизимге тәрбиелеу, бойларында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Жас физиктер мен математиктерді шығармашылық мазмұнды бағдарламалар, интелектуалды-танымдық іс шаралар, табиғаттағы спорттық ойын жарыстары, қарағай экскурсиясы, концерттік бағдарламалар, би кештері сияқты іс-шаралар күтті.
Балалар белсенді демалып қана қойған жоқ, нақты ғылымдар - математика және физика пәндерінен білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалым-оқытушылары: п.ғ.д., физика кафедрасының професоры Б.А.Мукушев, м-ф.ғ.к., математика кафедрасының доценті А.А. Анияров, математика кафедрасының магистрі Т.М. Кусаинов осы пәндер бойынша мазмұнды әрі қарқынды бейіндік курс өткізді.
Мәдени-танымдық ауысым аясында математик, физикадан мини олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы жүлдегер атанды.
І орын алғаны үшін:
Өскемен қаласы №11 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы Баус Яна (физика);
Өскемен қаласының ДБА «Восток» ҒЗДОО 8 сынып оқушысы Ермолаев Павел (математика)
ІІ орын алғаны үшін:
Өскемен қаласы №7 орта мектептің 6 сынып окушысы Юнкман Сергей (математика)
ІІІ орын алғаны үшін:
Өскемен қаласы ДБА ОММЛИ 9 сынып оқушысы Рахымбеков Алтай (физика);
Семей қаласы №1 орта мектептің 8 сынып оқушысы Ушакбаева Мадина (физика);
Өскемен қаласы №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы Вотинцев Игорь (математика);
Семей қаласы №6 гимназияның 9 сынып оқушысыИсмағамбетов Мустафа (физика) марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, сондай-ақ мәдени-танымдық ауысымға белсене қатысқаны үшін грамоталар берілді.