2011 жылы 20 - 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының 7 оқушысы Прага қаласында (Чех Республикасы) өткен халықаралық ғылыми олимпиадаға қатысып қайтты.
Облыс оқушылары білікті қазылар алқасына жалпы білім беретін пәндер бойынша жобаларын таныстырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша барлық 7 оқушы жүлдегер атанды.
І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы - Тайбогарова Тоғжан;
- Өскемен қаласындағы қазақ -түрік лицейінің 11 сынып оқушысы -Уатқанов Талғат;
- Өскемен қаласының №38 мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы - Яковлева Дарина.
ІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласының №39 орта мектебінің 11 сынып оқушысы- Қамбарканов Диас;
- Риддер қаласының экономикалық лицейінің 11 сынып оқушысы - Оқасова Дана (биология).
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №34 мектеп-лицейдің 10 сынып оқушысы - Зейнелова Бинұр;
- Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектептің 10 сынып оқушысы – Ануарбеков Бекарыс.
Олимпиадаға қатысушылар үшін қызықты танымдық-мәдени бағдарлама, Праганың тарихи орындарына экскурсия, сонымен қатар Германияның ең көркем қалаларының бірі – Дрезденге саяхат ұйымдастырылды.