Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (әрі қарай - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең – облыстық - 1 қарашаға дейін;
- екінші кезең - іріктеу, 15 қарашаға дейін 2 турда өткізіледі (қашықтық және шығармашылық: эссе жазу);
- үшінші кезең - республикалық, желтоқсанның бірінші онкүндігінде.
Президенттік олимпиаданың әр қатысушысы барлық кезеңде математика, физика, химия, биология пәндерінен тапсырмалар орындайды.
Олимпиаданы өткізу ережелері www.shygysdaryny.kz. сайтында берілген.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер а.ж 15 қазанына дейін өңірлік кезеңге қатысу үшін төрт пән бойынша (бір уақытта) қатысушыларды сапалы іріктеу қажет.
19 қазанға дейін олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысатын 4 оқушыны (оқу тіліне қарамастан) анықтап ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығына 8/7232/55-20-12 тел/факс, е-mail (vk_daryn@mail.ru) арқылы өтінім жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
Оқушының аты, жөні, тегі (құжат бойынша) |
Оқу тілі |
Аудан/қала |
Мектеп, мекен жайы |
Жетістігі |
Қатысушыны дайында ған мұғалімі |
Олимпиаданың өту мерзімдері туралы ақпарат қосымша хабарланады.