+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
04 Қыр, 11:30

Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:

1. қазақ тілі мен әдебиеті;

2. орыс тілі мен әдебиеті;

3. математика, информатика;

4. физика, техника;

5. медицина, психология;

6. тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7. биология, химия, адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау;

8. география, экология.

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық  «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 28 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында аудандық/ қалалық кезең өткізіледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшылары облыстық мамандандырылған мектеп директорлары есеп құжаттарын өткізу үшін дарынды балалармен жұмыс жүргізетін жауапты қызметкерді немесе үйлестіруші тағайындауы қажет.

Ағымдағы жылдың 12 қазанға дейін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына аудандық/ қалалық кезең қорытындысы бойынша есепті (үлгі қоса берілген), қатысуға сұранысты, конкурсқа қатысушы оқушының жұмысын, сондай – ақ оқушының сыныбы көрсетілген мектеп анықтамасын (Ережеге сәйкес қағаз және электронды нұсқасы) өткізу қажет.

Әрбір ауданнан (қаладан) облыстық кезеңге әрбір секция бойынша 2 үздік жұмыс жіберіледі (1-4 сынып арасында 1 жұмыс, 5-7 сынып арасында 1 жұмыс).

Конкурсқа жіберілген жұмыстарға түсіндірме берілмейді және олар қайтарылмайды.

Уақытынан кеш тапсырылған және талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қарастырылмайды.

Конкурстың ережесін www.shygysdaryny.kz. сайтынан алуға болады.