Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы 7-9 сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиада өткізілетіні жайлы хабарлайды.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- Бірінші – іріктеу (қалалық/аудандық), 21 қыркүйекке дейін өткізіледі;
- Екінші - облыстық кезең - 28 қыркүйек - 1 қазан аралығында;
- Үшінші - республикалық - қараша айының 1 онкүндігінде.
Олимпиаданың өткізілу ережесі ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығының сайтында (www.shygysdaryny.kz) берілген.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысу үшін 2015 жылдың 21 қыркүйегіне дейін өтінімді (командада 6 адамға дейін: 7 сынып – 2 оқушы, 8 сынып – 2, 9 сынып – 2) 8/7232/55-20-12 тел/факсы арқылы ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығына жіберу қажет (эл.пошта: vk_daryn@mail.ru).
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Оқушының аты, тегі |
Аудан/қала |
Мектеп |
Сынып |
Оқу тілі |
Оқушыны даярлаған мұғалімнің АЖТ |
Үйлестірушінің АЖТ, телефоны (ұялы, жұмыс) |