2011 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп информатика және физика пәндерінен өңірлік олимпиада өткізді.
Шараның мақсаты – оқушылардың ғылыми білімін насихаттау және ғылымға қызығушылық дамыту, дарынды балалардың дамуына қажетті жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасындағы білім мәртебесін көтеру.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан (Өскемен, Семей қаласы, Глубокое, Зайсан, Күршім, Жарма аудандары) түрлі білім мекемелерінің 11- сыныптарынан 20 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 9 жүлдегер анықталды:
1 орын:
- Өскемен қаласындағы № 10 МГ 11-сынып оқушысы Пилипенко Александр (информатика);
- Глубокое ауданындағы Винное ОМ 11-сынып оқушысы Иванов Андрей (физика).
2 орын:
- Зайсан ауданындағы Ломоносов ОМ 11-сынып оқушысы Атажанова Айсұлу (информатика);
- Зайсан ауданындағы Әуезов ОМ 11-сынып оқушысы Ботаханова Айнұр (физика);
- Күршім ауданындағы № 1 ОМ 11-сынып оқушысы Шакеров Ринат (физика).
3 орын:
- Күршім ауданындағы № 1 ОМ 11-сынып оқушысы Ерлан Қуандық (информатика);
- Өскемен қаласындағы «Восток» ҒЗДОО 11-сынып оқушысы Мырзашев Дархан (информатика);
- Өскемен қаласындағы ШҚ ДБА АМЛИ 11-сынып оқушысы Алимжанов Айбек (физика);
- Өскемен қаласының № 44 МЛ 11- сынып оқушысы Жәнібек Жандос (физика).
Олимпиаданың жеңімпаздары Иванов Андрей және Пилипенко Александр Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың білім грантын иеленді. Жүлдегерлер дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.