2015 жылы 20 – 29 шілде аралығында Әзербайжан Республикасы Баку қаласындаоқушылардың химиядан 47-ші Халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты ғылым шеңберіндегі және білім беру бағдарламалары аясындағы химия ғылымына деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Олимпиадаға әлемнің 80 елінің, соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Германия, Франция, Чехия, АҚШ, Канада, Жапония, Қытай және т.б. өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасынан Ұлттық олимпиада құрамының мүшелерінен 4 оқушы қатысты, олардың ішінде, Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Смағұлов Азамат бар. Азамат – химия пәнінен республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері.
Химия пәнінен 47-ші Халықаралық олимпиаданың үш айналымының қорытындысы бойынша Азамат күміс медальмен және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Азаматты және оның ата-аналары мен ұстаздарын абыройлы олимпиадада елеулі жетістігімен құттықтаймыз!