+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шынықсаң шымыр боласың!
29 Шіл, 12:06

2015 жылдың 13-27 шілде аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл бойғы «Дарын жұлдыздары» оқу-сауықтыру лагерінің кезекті ауысымын өткізді.

Ауысым «Шынықсаң - шымыр боларсың» тақырыбымен өтті. Оның қатысушыларының қатарында әртүрлі деңгейдегі зияткерлік және шығармашылық конкурстар, олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған дарынды оқушылар болды.

Ауысым бағдарламасында балалардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, балалардың тән және эмоцияналдық денсаулықтарын нығайтуға бағытталған мәдени, спорттық сауықтыру шаралары қамтылған.

Балалар үшін танысу кеші, «Жанған жұлдыздар», «Әлем халықтарының панорамасы», «Экологиялық сүрлеу жол» шаралары есте қаларлықтай әсер қалдырды.

Балалардың денсаулықтарын нығайту – лагердің басты міндеті. Сол себепті, өткізілетін шаралардың қатарына Олимпиадалық ойындар және Денсаулық күні енгізілген.

Таныстыруды ұйымдастыру, бейімделу үрдісін жеңілдету, достық қарым-қатынасты орнату мақсатында  ауысым қатысушыларымен психологиялық тренингтер өткізілді.

Лагерь ауысымында қызықты адамдармен кездесу ұйымдастыру дәстүрге айналған. Осы жолы ауысым қатысушылары АО «Өрт сөндіруші» филиалының қызметкерлерімен кездесті. Олар қатысушыларды тәжірибе жүзінде өрт кезіндегі ережелер және қауіпсіздік техникасымен таныстырды.

 «Тілек тілеу» алауының жанында бірлесіп орындаған әндері, лагерьде өткізген күндерімен ой бөлісулері қатысушыларды есте қаларлықтай сезімде қалдырды.