2015 жылдың 5-12 шілдесі күндері Қазақстан Республикасының құрамында Шығыс Қазақстан облысының командасы Ресей Федерациясы Саха Республикасының Якутск қаласында өткен «Туймаада» халықаралық математика, физика, химия және информатика олимпиадасына қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: оқушылар мен жастардың зияткерлік әлеуетінің дамуын ынталандыру, оларды нақты ғылымдар негіздерімен айналысуға тарту, халықаралық байланысты кеңейту.
Олимпиадаға Румыния, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Мордова Республикасы мен Башқортстаннан барлығы 203 оқушы қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан 6 оқушы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша екеуі жүлделі орынға ие болды:
- алтын медальмен – Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Айтказинов Шыңғыс;
- қола медальмен - Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Уалиев Әділет марапатталды.
Халықаралық олимпиада аясында қызықты мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар жетекші ғалымдардың ғылыми-танымал лекциясын тыңдады. Осыған қоса, қатысушылар Якутск қаласына, мұражайларға, Саха Республикасының Бірінші Президентінің кітапхана-мұрағатына, «Орто дойду» этнографиялық кешені мен хайуанаттар бағына, «Булуус» туристік кешеніне саяхаттар жасады. Чапаево селосындағы көп функционалды оқу-мәдени және спорт кешенінде халықаралық спартакиада өткізілді.
Команда жетекшілеріне олимпиада аясында «Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы өңірлердің жұмыс тәжірибесі» атты семинар ұйымдастырылды.
Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз, алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!