+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Нұр-Астана» нұрымызды тасытты!
07 Шіл, 12:08

2015 жылдың 4 маусымы күні Қазақстан шығармашыл әйелдер Одағы «Мейірімділік-М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қорымен бірлесе І Республикалық «Нұр-Астана» фестиваль-байқауын өткізді.

Фестиваль-байқаудың мақсаты: дарынды балалардың шығармашылық мүмкіндігі мен ынтасын белсендендіру.

Байқаудың ерекшелігі шығармашыл жас өрендер мен мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы шығармашылық бірлестік болды.

Астана төрінде Шығыстың мәртебесін Өскемен қаласындағы №16 орта мектептің 6 сынып оқушысы Тойбазарова Еркежан қорғап қайтты. «Көркемсөз» номинациясы бойынша сайысқа түскен Еркежан белгілі ақын Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» атты өлеңін оқып 2 жүлделі орынды иеленді.

«Мен бұл байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Көптеген достар таптым. Ең бастысы маған үміт артқан барша жақын жанашырларымның үмітін ақтадым. Маған қолдау көрсеткен баршаға рахметім шексіз», - деп Еркежан алған әсерімен бөлісті.

Фестиваль қатысушылары үшін қызықты мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылды.

Еркежанды шын жүректен құттықтай отыра, талабы таудай бүлдіршініміздің келешегінен кемел үміт күтеміз.