2015 жылдың 5-8 маусымы күндері Астана қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен «Astana Stars» Фестивальдер комитеті ұйымдастырған «Astana Children’s Festival» халықаралық фестиваль-байқауы болып өтті. Байқауға Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің дарынды тәрбиеленушілері қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты: әлемдік мәдени орталықтардың бірі ретінде Қазақстан мен Астананың мәртебесін бекіту, көркем шығармашылық саласындағы ұлтаралық байланысты дамыту.
Жас балет бишілері «Классикалық би», «Халықтық би» және «Эстрадалық би» номинациялары бойынша өз өнерлерін көрсетті. Балет мектебінің хореографиялық ұжымы соңғы 2 номинация бойынша І жүлделі орынды жеңіп алды.
Жеке орындауда Орумбасарова Дильназ, Безрукова Анелия, дуэтте - Сериказина Ақбаян мен Сабиева Диана І орынды иеленді. ІІ орын дипломымен Оралгалиева Лаура, Серикказина Акбаян, дуэтте - Кульжамбекова Нурай и Котлярова Полина марапатталды.
Шығысымыздың намысын қорғап, топ жарған бишілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің ұстаздар ұжымы мен тәрбиеленушілеріне жаңа белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!