2015 жылдың 12-18 маусымы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы қаласында бастауыш мектеп оқушылары арасында «Бастау» республикалық математикалық турниріне қатысты.
Турнирдің ұйымдастырушылары - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернат.
Турнирдің мақсаты - математикаға қабілетті балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және оқыту, бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін аттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Турнир 3 турда өткізілді:
1 тур – «Әу, баста»
2 тур – «Асық»
3 тур – «Математикалық бәйге»
Турнирдің қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы Қанапина Нұргүл 3 орынды жеңіп алды.
Турнирдің қатысушыларына арнайы Алматы қаласының танымал жерлеріне, мұражайлар мен саябақтарға экскурсиялар ұйымдастырылды.
Нұргүлді және оның ұстаздарын, ата-анасын турнирдегі жетістігімен құттықтаймыз!