+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас өнертапқыштар
17 Мау, 12:25

2015 жылы 11-13 маусым аралығында облыстағы оқушылар командасы  Павлодар қаласында өткен техникалық шығармашылық пен өнертапқыштардың республикалық жарысына қатысты.

Жарыстың мақсаты - технология саласында жаңа білімдер алу, команданың творчестволық жұмысында дағдылануды қалыптастыру, оқушылардың ғылыми техникалық шығармашылығына қолдау көрсету және дамыту.

Жарыс 5 бағыт бойынша өткізілді:

1. Радиобасқармалы автомодел;

2. Әуе моделі;

3. Зымыран моделі;

4. Кеме моделі;

5. Робот техникалары.

Сайысқа Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінен 7 оқушы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

2 орын – Семей қаласы, №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы – Вадим Галуненко.

3 орын – Семей қаласы, №19 орта мектептің 6 сынып оқушысы - Даниил Бессонов марапатталды.

Жеңімпаздарды, олардың ұстаздарын, жүлделі орындармен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да табыс және жаңа жеңістер тілейміз!