+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Bala Turkvizyon» конкурсының жартылай финал үздігі атанды
15 Мау, 09:20

2015 жылғы 9 маусымда Өскемен қаласында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» фондының ұйымдастыруымен «Bala Turkvizyon» атты Бірінші Халықаралық балалар ән байқауына кастинг жарияланды. Металлургтер мәдениет сарайында өткен кастингке Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 8 – 13 жас аралығындағы оқушылар бақтарын сынады. Ең үздік дауысты анықтауға танымал продюссер Эрик Тастамбеков, әнші Санда, және музыкант Иван Бреусов келді.

Кастинг барысында музыка жанрының барлық түрі айтылды. Қатысушалар қазақ тілімен қатар орыс, ағылшын және италиян тілінде ән шырқады. Қазылар алқасы, жиналған 82 үміткердің ішінен Семей қаласы, №6 мектеп-гимназиясының оқушысы Узыханова Рашиданы жартылай финал үздігі ретінде таңдады.

Рашида ағымдағы жылдың 16 -17 қыркүйегінде Астана қаласында өтетін ұлттық іріктеуде облысымыздың атынан өнер көрсетеді.

Рашиданы конкурстағы жеңісімен құттықтаймыз! Финалда сәтті өнер көрсетуіне тілектеспіз!