2010 жылдың 15 қазанында Шығыс Қазақстан өңірлік–ғылыми практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруға ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету мақсатымен «Оқушыларды ғылыми жарыстарға дайындау» тақырыбында облыстық семинар Өткізеді.
Семинар аясында 5 секцияның жұмысы жоспарланады:
1.физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар;
2.математика, қолданбалы математика, экономика, информатика;
3.биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау;
4.тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
5.әдебиет, тіл білімі.
Облыстық семинарға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, ғылым жөніндегі директорлардың орынбасары, ұстаздар шақырылады. Әр ауданнан 4 адамнан (әр секцияға 1 адамнан): 1 - білім бөлімдерінің өкілі, 3 – аудан/қала мектептерден, облыстық білім мекемелерінен – 2 адамнан шақырылады.
Семинарға облыстың жетекші жоғарғы оқу орындардың ғалымдары, шығармашылық ұстаздар қатысады.
Семинар дарынды балаларға арналған облыстық №34 мектеп - лицейде өтеді. (Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 30). Қатысушыларды тіркеу-. 13 сағ. 30 мин.
Іссапар шығындары бағыттаушы жақтың есебінен өтеледі.
Семинарға қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.
Семинарға қатысуға өтінімдерді берілген үлгіде 2010 жылдың 8 қазанына дейін 8(7232)758459 (ШҚҒПО «Дарын») факсіне жіберу қажет:
|
Аты-жөні. толық |
Аудан( қала) |
Жұмыс орыны |
Лауазымы |
Секцияның атауы |