+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
04 Сәу, 11:13

2011 жылдың 15 – 16 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.cut

Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың ғылыми білімдерін насихаттау және ғылыми жұмыстарға қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға оқушыларды дайындау.

Олимпиадаға облысымыздағы түрлі білім мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиада 14 пән бойынша екі айналымда өткізілді (теориялық және тәжірибелік):

- Облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы гимназия-интернатында қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, Қазақстан тарихы, ағылшын, неміс, тілдері, құқық негіздері, география, физика; 

- Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде - химия, биология, математика пәндері;

-         Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Алтай» ғылыми - технологиялық паркіндеинформатика пәні.

Оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамында республикадағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан (2 ғылым докторы, 31 ғылым кандидаты, 11 аға оқытушы), оның ішінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-інен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-інен, ҚАЕУ-інен, Шәкәрім атындағы СМУ-інен, СМПИ-ынан, ҚазМЗИУ-інен, Гете иститутынан, еліміздің корпус волонтері болды.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің іріктеу кезеңіне 1104 жұмыс келіп түсті. Қорытынды бойынша облыстық кезеңге қатысуға Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарынан 505 оқушы шақырылып, 30 команда шықты.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 30, II дәрежемен – 64, III дәрежемен – 100 оқушы марапатталды.

Жоғары дәрежедегі жетістіктері үшін «Үздік олимпиадалық команда» номинация грамотасымен төмендегі командалар марапатталды:

1 орын - Өскемен қаласы;

2 орын - Өскемен қаласындағы қазақ-түрік лицейі;

3 орын - Семей қаласы, Семей қаласы қазақ-түрік лицейі.

Қазылар алқасының шешімі бойынша I және II орын алған 94 оқушының үздік жұмыстары оқушылардың республикалық олимпиадасының іріктеу кезеңіне жіберілді..