+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыстың жас дарындары
12 Мау, 12:54

Облыстың дарынды балалары есте қаларлық бірнеше күнді бірге өткізді. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оларға арнап «Дарын жұлдыздары» жыл бойғы оқу-сауықтыру лагерінің базасында Ғылыми Мектеп ұйымдастырды. Қатысушылар арасында: облыстың ең үздік оқушылары, республикалық, халықаралық зияткерлік және шығармашылық олимпиадалар, конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері болды.

Балалар үшін Ғылыми Мектеп аясында өткен «Шығыстың жас дарындары» форумы айшықты шаралардың біріне айналды. Шарада өткен оқу жылына қорытынды жасалып, жетістіктері айтылды. Солардң ішінде ең танымал болғандары:

- республикалық және халықаралық конкурстар, олимпиадалар мен жарыстарға 445 оқушы қатысып, оның 225-і жүлдегер атанды;

- республикалық ғылыми жобалар конкурсында, жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасында, 1-7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар республикалық конкурсында «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды;

- жас балғын шығыс қазақстандықтар республикалық маңызды конкурстардың: Абай, Махамбет оқулары, «Жарқын болашақ», «Жас музыкант», «Астана - Мерей», «Ақберен», «Ақжелен» конкурсы;

- жас балғын шығыс қазақстандықтар, сонымен бірге, Корея, Бразилия, Ресей, Грузия; Армения және Қазақстанда лайықты жетістіктерге жетті; 

- 7 бала Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік команда құрамының мүшелігіне енді.

«Біз еліміздің үміті мен абыройымыз, Елбасының өсиетіне сенімдіміз. Рухы күшті, ерік-жігері берік, «Дарын» бізді жеңіске жетелейді!»,- деген «Дарын» гимнінің сөздермен форум ашылды. Туды салтанаты көтеру құрметі еліміздің Ұлттық құрама команда мүшелері, республикалық және халықаралық олимпиада жүлдегерлері атанған Турусбеков Диас пен Қалибеков Дарханға ұсынылды.

Балаларға Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Айтпаева Жанат Жеңісбековна құттықтау сөзін айтты. Шығыс Қазақстан Облыстық білім басқармасының басшысы А. Нургазиев атынан әр қатысушыға алғыс хат және хрустал кубогы сыйға тарту етілді.   Өздерінің жылы лебіздерінде балалар: «Біздің барлық жеңістерімізді өз аймағымызға арнаймыз. Терең біліміміз бен шығармашылық идеяларымызды еліміздің көркеюіне бағыттаймыз», - деп уәде берді.

Көпшілікті толқындырған сәт түлектердің мектеп вальсін орындаған кезі еді. Ал Баякенова Баянның  «Бәйге» биі және Балтабаева Жансая мен Атаева Мөлдірдің орындауларындағы «Менің Қазақстаным», «Ризамын» әндері жиналған оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің тағы бір қырын көрсетті. 

Ғылыми Мектеп аясында қатысушыларға арналған мәдени- танымдық шаралар: Шүлбі ГЭС-іне, қарғайлы орманға саяхат, спорттық ойындар, зияткерлік-дамытушы ойындар бағдарламалары т.с.с. ұйымдастырылды.

Форум соңында балалар алған әсерлерімен ой бөлісіп, жасалған жағдайларға ризашылықтарын білдіріп, өздеріне артылған сенімді ақтауға бар ынта-жігерлерін жұмсайтындықтарына уәде етті.