+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Гүлдене бер, Қазақстан
11 Мау, 10:21

Сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау және оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан – жаңа әлемде» X республикалық сурет конкурсын өткізді. Конкурс Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды. Конкурсқа 1-10 сынып аралығындағы білім ұйымдары, өнер мектептері, сурет мектептерінің оқушылары қатысты.

Конкурстың негізгі бағыттары: кескіндеме, мүсін өнері, қолданбалы көркем өнер. Жұмыстар «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз», «Бейбітшілік пен келісім - біздің ортақ әлемде», «ХХI ғасырдағы достық пен келісім», «Әр жүректе туған Отан», «Қазақстан - 2050 Стратегиясы», «Жеңіс күні», «Отанымның тағдыры – менің от басымның тағдыры», «Соғыс балалар көзімен», «Отан үшін!», «Тарихтағы қазақ хандары», «Елімнің тарихы», «Керей және Жәнібек хандары» және т. б. тақырыптарды қамтыды.

Конкурсқа 1-10 сынып аралығындағы білім ұйымдарының, өнер және сурет мектептерінен 241 оқушының жұмыстары келіп түсті.

Конкурстың республикалық кезеңіне ШҚО-нан үздік 5 жұмыс жіберіліп, 4 жұмыс жүлделі орынға ие болды.

 

«Қазақстан – жаңа әлемде» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары

Қатысушының аты-жөні

Аудан/қала

Мектеп

Бағыты

Атауы

Орны

1

Токарчук Кристина

Риддер

Өнер мектебі

Сурет

Счастливое детство

1

2

Савицкая Маргарита

Риддер

 №1 ОМ

Сурет

На охоте

1

3

Суворова Анна

Семей

№8 Б/ү

Қолданбалы өнер туындылары

Устремленные в будущее

1

4

Қалибай Гүлім

Зайсан

Көгедай ОМ

Қолданбалы өнер туындылары

Майданнан қайтқан солдат

2