Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет және қолданбалы өнерден қабылеті бар оқушыларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру мақсатында «Қазақстан жаңа әлемде» атты облыстық облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары байқауын өткізді.
Байқау «Сурет» және «Қолданбалы өнер» бағыттыры бойынша өткізіліп, оған 7-10 мен 11-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Балалардың жұмыстары «Устремленное будущее», «Қазақстан алтын бесігім», «Мәңгілік ел – Қазақстан», «Великие ханы», «Батыры», «Ару қалам Астана», «Жер Ана», «Казахстан – ты свободная птица», «Сүйінші, Тәуелсіздік!» және басқа да көптеген тақырыптарды қамтыған.
Шығармашылық жұмыстар тоқыма, керамика, натюрморт, пейзаж, ағаштан ою мен тағы басқа техникада орындалған.
Байқауға барлығы 84 жұмыс тіркеліп, 36 жұмысқа жүлделі орындар берілді.
І орын грамоталарымен 5, ІІ орынмен 5, ІІІ орынмен 26 қатысушы марапатталды. Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға грамоталар табысталады.