+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Жас зияткелер «Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасында
19 Мамыр, 09:38

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға  арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып, 2015 жылдың 14 мамырында «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың тәжірибе шеберлігі мен теориялық білімін тереңдету, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға қызығушылығын жоғарылату, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, зияткерлік және шығармашылық тапсырмаларды шешуде табандылығын, дербестігін, белсенділігін дамыту.

Олимпиадаға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 5-8 сыныпта оқитын 177  дарынды оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 77 жүлдегер анықталды. І дәрежелі дипломмен - 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен - 20  және ІІІ дәрежелі дипломмен - 46 оқушы марапатталды. (Жүлдегерлер тізімі қосымша берілген).

Жүлдегерлерді үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрқашан биіктен көрінулерін тілейміз.