2015 жылдың 14 мамырында облыстың дарынды оқушылары ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының арнайы шақыртуымен инновация және жаңа технологиялар бойынша облыс әкімі Д. Ахметовтың төрелік етуімен өткізілген Кеңес аясында инновациялық идея және облыстың ғылыми потенциалы атты көрмеге қатысты.
Шара «Алтай» Технопаркінде өтті. Көрмеде ЖСШ «Казцинк», «Азия Авто», «Kazahstan Solar Silicon», «Ядролық технологиялар паркі», «ҚР Ұлттық ядролық орталығы», «Рейтинг», «КЭМОНТ», «Алтай геологиялық-экологиялық институты» сияқты жетекші кәсіпорындардың инновациялық әзірлемелерімен қатар, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, КАЕУ, КазГЮИУ ғалымдарының ғылыми идеялары ұсынылды.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы көрмеге оқушылардың ғылыми жобалар конкурсының республикалық және халықаралық кезеңдерінің жүлдегері атанған 4 оқушының жұмыстарын ұсынды:
1. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Айтбаев Марат;
2. Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Толебердыев Алишер;
3. Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Сексембаев Аслан;
4. Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Николишин Валентин.
Балалар «Энергияны үнемдеуші лифт», «Тростық көпірді техникалық іске асыру «Ай - Жер» өзекті тақырыптары бойынша ғылыми жобалар және модельдерін құрастырып ұсынды.
Жобалар көрме қонақтары мен баспасөз өкілдерінің үлкен қызығушылығын тудырды.