2011 жылы 26 ақпан - 4 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.
Республикалық ғылыми жарыстарға бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) турдан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
Ғылыми жарыс 4 бағыт бойынша өтті:
Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);
Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);
Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).
Оқушылардың республикалық ғылыми жарысы «XXI ғасырдағы ғылым және білім» халықаралық көрмесінің аясында өткізілді.
Оқушылардың ғылыми жарыстары халықаралық талаптарға сәйкес бағаланды.
Республикадағы алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан құралған білікті әділ қазылар алқасы жобаларды келесі тұрғыдан бағалады: шығармашылық қабілеттілігі; ғылыми ойлауы; қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі; тақырыптың ашылу дәрежесі; жете ашуы; шеберлік шешендігі; ұсынылған материалдың сапасы; айқындылығы; команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.
Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 34 оқушы қатысты (31 жоба):
- Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектебінен 2 оқушы,
- Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ – түрік мектеп – лицей – интернатынан– 1 оқушы,
- Шығыс Қазақстан дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатынан – 1 оқушы,
- Өскемен қаласының № 34 мамандандырылған мектеп – лицейінен - 4 оқушы,
- Өскемен қаласының ДБА ҒЗДО «Восток» - 1 оқушы,
- Өскемен қаласы № 16 ОМ - 1 оқушы,
- Өскемен қаласы № 24 ОМ - 2 оқушы,
- Өскемен қаласы № 3 МГ - 1 оқушы,
- Өскемен қаласы № 38 МГ - 2 оқушы;
- Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі – 4 оқушы,
- Семей қаласы № 37 МГ - 3 оқушы,
- Семей қаласының экономикалық лицейінен – 2 оқушы,
- Семей қаласы Шәкәрім атындағы № 5 МГ – 3 оқушы,
- Семей қаласы № 1 ОМ - 1 оқушы,
- Семей қаласы № 32 ОМ - 1 оқушы,
- Семей қаласы № 6 МГ - 1 оқушы,
- Риддер қаласының экономикалық лицейінен – 1 оқушы,
- Күршім ауданы Қ.Нұрғалиев атындағы МГ – 1 оқушы.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы ғылыми жарыстарға қатысушылар үшін облысымыздың алдыңғы қатардағы жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен қосымша ғылыми дайындықтар өткізді.
Жарыстардың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық екінші орынға және «2011 жылдың үздік командасы» деген номинациясына ие болды. 15 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарының дипломдарымен марапатталғандар:
1 - орын – Рахметуллина Айсұлу, Өскемен қаласының № 3 МГ 11 - сынып оқушысы (информатика);
2 - орын – Тоқтағазина Айман, Семей қаласының экономикалық лицейінің 11 - сынып оқушысы (экономика);
- Джұмабеков Медет, Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 - сынып оқушысы (физика);
- Коломейцев Андрей, Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 - сынып оқушысы (физика);
- Асанова Лейла, Семей қаласының экономикалық лицейінің 11 - сынып оқушысы (техника);
- Таурбаев Аян, Семей қаласының экономикалық лицейінің 11 - сынып оқушысы (техника);
- Ткачев Павел, Семей қаласының № 6 мектеп – гимназиясының 11 - сынып оқушысы (әдебиет);
- Құдайберген Асхат, Өскемен қаласының № 34 мамандандырылған мектеп – лицейінің 11 - сынып оқушысы (тіл білімі);
- Тайбоғарова Тоғжан Өскемен қаласының № 38 мектеп – гимназиясының 11 - сынып оқушысы (өлкетану);
3 орын – Қалымов Жігер, Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11 - сынып оқушысы (техника);
- Шаймұрат Гүлдана, Өскемен қаласының № 34 мамандандырылған мектеп – лицейінің 11 - сынып оқушысы (тарих);
- Айтпаева Әдия, Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектебінің 11 - сынып оқушысы (математика);
- Нұрпеисова Анеля, Өскемен қаласының № 24 орта мектебінің 11 - сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Яковлева Дарина, Өскемен қаласының № 38 мектеп – гимназиясының 11 - сынып оқушысы (қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);
- Қақатаева Аяужан, Күршім ауданы Қ.Нұрғалиев атындағы мектеп - гимназиясының 11 - сынып оқушысы (тіл білімі);
8 оқушы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды:
- Қайролла Әйгерім, Семей қаласының Шәкәрім атындағы № 5 мектеп – гимназиясының 10 - сынып оқушысы (экономика);
- Ғазиз Аяужан, Семей қаласының Шәкәрім атындағы № 5 мектеп – гимназиясының 10 - сынып оқушысы (экономика);
- Смағұл Салтанат, Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 - сынып оқушысы (тіл білімі);
- Берков Илья, Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 - сынып оқушысы (информатика);
- Пименова Кэролайн, Өскемен қаласының облыстық дарынды балаларға арналған қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы мектебінің 11 - сынып оқушысы (экономика);
- Аменова Іңкәр, Өскемен қаласының № 16 орта мектебінің 10 - сынып оқушысы (биология);
- Левонесова Ксения, Өскемен қаласының № 34 орта мектебінің 10 - сынып оқушысы (әдебиет);
- Тоқтарова Зарина, Өскемен қаласының № 34 орта мектебінің 10 - сынып оқушысы (биология).
Оқушыларға ҚБТУ – дың, аль – Фараби атындағы ҚазҰУ – нің 2 білім гранты тапсырылды.