+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Смагулов Азамат - химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегері
13 Мамыр, 08:10

2015 жылы 02 - 11 мамыр аралығында Ереван (Армения) қаласында оқушылардың химиядан Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.

Халықаралық олимпиада сәуір айының аяғында мамыр айының басында ТМД, Балтық және Оңтүстік-Шығыс елдері оқушыларының арасында жыл сайын өткізіліп келеді. Менделеев олимпиадасы Бүкілодақтық химия олимпиадасының ізбасары саналып, оның дәстүрлерін жалғастыруда. 

2015 жылы олимпиадаға әлемнің 15 елі қатысты. Жарыс үш турда өткізілді: екі теориялық, бір эксперименттік.

Қазақстан Республикасынан халықаралық олимпиадаға елдің олимпиада резервінің мүшелерінен 12 оқушы қатысты, олардың ішінде Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 10 сынып оқушысы Смағұлов Азамат бар. Азамат - республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жүлдегері. Үш турдың қорытындысы бойынша Азамат қола медальмен және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Смағұлов Азаматты және оның ата-аналары мен ұстаздарын беделді олимпиададағы жетістігімен құттықтаймыз!