2015 жылдың 19 сәуірі мен 2-3 мамыры күндері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «ШҚО хореографтар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Дарындар шұғыласы» халықаралық би байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты:
- өнерлі де дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсетуге жағдай жасау және
ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыру.
Бұл шараға әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері Қазақстан мен Ресейден 67 шығармашылық ұжым қатысты.
Өнер байқауының қорытындысы бойынша 39 ұжым жүлдегер атанды. Гран - Примен 16 қатысушы, І орын дипломымен – 20, ІІ орын – 19, ІІІ орын – 19 ұжым марапатталды. Жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.