+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Тарих – ата» білгірлері анықталды
06 Мамыр, 09:38

2015 жылдың 3-5 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Щучье қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысты.

Олимпиаданы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың туған елінің тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын арттыру және осы сала бойынша дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізді.

Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары, Глубокое,  Катон-Қарағай, Көкпекті және Үржар аудандарынан 9 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Өскемен қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 5 сынып оқушысы Сағынғанов Мағжан;

- Семей қаласы №19 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Серікқан Саяжан;

- Семей қаласы №22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жунусов Алихан;

- Катон-Қарағай ауданы Рыков орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қадылқанова Меруерт;

- Көкпекті ауданы Болғамбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қамбаров Еркебұлан.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.