+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Шығыс Қазақстанның дарынды оқушылары Грузия елінде
06 Мамыр, 09:32

2015 жылы 01-07 мамырда Грузия астанасы Тбилиси қаласында жас зерттеушілердің халықаралық олимпиадасы өткізілді.

Халықаралық жарысқа Шығыс Қазақстан облысының командасының атынан 4 оқушы қатысты. Ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындарды иеленді:

І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:

- Өскемен қаласының "Нұрорда" халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы Кайсабеков Елдар;

- Өскемен қаласының "Нұрорда" халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы Акашев Елнур марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:

- Семей қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11 сынып оқушысы Тагиров Тимур;

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

Өскемен қаласы №43 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Асенова Анара марапатталды.

Әр мемлекеттен келген дарынды балалардың арасында тығыз байланыс орнату үшін  қызықты мәдени-танымдық бағдарлама, Тбилиси қаласының тарихи жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.

Балаларды абыройлы жеңісімен құттықтаймыз!