+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Дарынды балаларға – талантты ұстаз
06 Мамыр, 08:29

2015 жылдың 4-5 мамары аралығында Петропавл қаласындағы М. Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты X Халықаралық педагогикалық олимпиадасын өткізді.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтау.

Педагогикалық Олимпиаданың ережесіне сәйкес олимпиадаға педагогикалық жоғарғы оқу орындарын таңдаған жоғары сынып оқушылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері (II – IV курстардың), педагогикалық (гуманитарлық) колледждердің білім алушылары, магистранттар (1-2 жыл оқыған), 5 жылға дейін еңбек өтілі бар педагогтар, психологтар, тәлімгерлер қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының намысын Жарма ауданы №236 орта мектептің 10 сыныптың 5 оқушысынан құралған команда, Көкпекті ауданы және облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектептердің 3 мұғалімі, «Дарын» ШҚ ӨҒП орталығына қарасты «Дарын жұлдыздары» лагерінің 2 тәлімгері қорғады.

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша облысымыздың оқушылары жүлделі 1 орынға ие болып,  «Ең үздік команда» номинациясы бойынша диплом иегері атанды.

II дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласындағы №34 ДБА ОММ математика пәнінің мұғалімі Бутакова Виктория Игоревна;

III дәрежелі дипломдармен:

- «Дарын жұлдыздары» лагерінің тәлімгері Байкалова Арайлым Кабдылбековна;

- облыстық  математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кенжебаева Минира Ергазыкызы марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылады.

Біздің жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта табыстарға жетулеріне тілектеспіз!