+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Биология пәнінен облыстық олимпиаданың қорытындысы
06 Мамыр, 08:26

2015 жылы 18 сәуірде  Семей қаласындағы Мемлекеттік  Медицина университетінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен бірлесе биология пәнінен IV облыстық  олимпиада  өтті.  Шығыс Қазақстан облысы бойынша олимпиадаға 11 сыныптан 288 оқушы қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ талапкерлерге үгіт-насихат жүргізу, сонымен қатар оқушылардың жан-жақтылығын, ойлау қабілетін дамыту.

Олимпиаданың ашылу салтанатында мемлекеттік медицина университетінің ректоры, профессор Т.К Рахыпбеков олимпиадаға қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, құттықтады.  

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 жүлдегерлер анықталды.

1 орын:

– Максутов Еркебулан – Аягөз ауданы мектеп гимназияның оқушысы;

– Семаева Дана– Бородулиха ауданы  Жезкент кенті ОМ оқушысы.

2 орын:

– Ергазиева Арайлым – Семей қ.  №22 ОМ оқушысы;

– Исатаева Жадыра  – Семей қ.  №22 ОМ оқушысы ;

– Нурахметов  Жаслан  – Аягөз ауданы ОМ оқушысы;

– Остроух Ксения - Семей қ. №43 мектеп оқушысы.

3орын:

–Бубенчиков Кирилл –Семей қ. экономикалық лицейоқушысы;

– Крысин Николай – Өскемен қ. №22 ОМ оқушысы;

– Усерова Айдана – Бородулихаауданы, НовопокровкаОМ оқушысы;

– Емил Альфия – Аягөз ауданы МГ оқушысы.

 Олимпиадаға қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді, жеңімпаздар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар университеттің оқу–клиникалық орталығына, мұражайға  экскурсия жасады.