2015 жылғы 1-6 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Конкурстың мақсаты: оқушылардың математика пәніне, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың ақпараттық қатынас біліктіліктерін дамыту.
Конкурс жұмыстары төмендегі секциялар бойынша өткізілді:
-"Қоғам және табиғаттағы нақты процесстердің математикалық модельдері";
-"Геометриалық миниатюралар";
-"Математика және өнер";
-"Математика тарихы";
-"Математика ғылымы";
-"Электронды тақырыпты журнал".
Ғылыми конкурсқа Ресей, Болгария, Казақстаннан 200 - ден астам оқушы жиналды. Шығыс Қазақстан облысының атынан 10 оқушы қатысты. Халықаралық конкурстың қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орынды иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласының №39 орта мектептің 11 сынып оқушысы Хасанов Мақсат марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен:
- Өскемен қаласы №4 мектептің 11 сынып оқушысы Керимова Бибиза;
- Өскемен қаласы № 38 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы Бидельманова Диляра;
- Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Дулатов Шынгыс марапатталды.
Конкурс қатысушыларына арнайы мәдени танымдық бағдарлама, "Қазыналар аралы" мюзиклын тамашалау, Мәскеу, Сергеев қалаларына белгілі тарихи жерлерге экскурсия ұйымдастырылды.
Жүлдегерлерді, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!