2011 жылы 04 наурызда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ЖОО-на дейінгі даярлық пен қабылдау орталығымен бірлесіп «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтан олимпиада өткізді.
Олимпиаданың негізігі мақсаты мен міндеттері: ғылыми білімді насихаттау, дарынды балалардың интеллектуалдық деңгейін арттыру, дарынды балаларды анықтап, дамытуға қажетті жағдайларды жасау, табысқа жетуге уәждерін қалыптастыру.
Жарыс математика, қазақ тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі, орыс тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиадаға Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің осы пәндер бойынша жетістіктері бар 6-8 сынып оқушылары қатысты. Математика пәнінен тапсырмаларды орындауға – 90 минут, гуманитарлық пәндер бойынша – 60 минут уақыт берілді.
Жарысқа барлығы 2518 оқушы қатысты. Қорытындысында ШҚО, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстарынан 359 оқушы қашықтықтан өткізілген олимпиада жүлдегері атанды.