+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу туралы
06 Мамыр, 04:08

Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 2015 жылы 11 мамырда 11-сынып оқушыларының арасында математика, физика, химия, география, сурет пәндері бойынша Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадасын өткізетінін хабарлаймыз.

Бірінші орын алған қатысушылырға ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады, яғни ҰБТ-ны сәтті тапсырған жағдайда (50 ұпайдан кем емес), бейіндік пәнге сай  кез-келген мамандық бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да тегін оқу құқығы беріледі. 

Сурет  бойынша жеңімпазға «Сәулет» немесе «Дизайн» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының гранты тағайындалады.

Суреттен олимпиадаға қатысушылар сурет салуға арналған А3 форматты қағаз, жай және түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, бояулар - гуашь, акварель, т.б. қажетті заттарды  өздерімен алулары қажет.

Екінші, үшінші орын алған қатысушылар II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

Барлық қатысушыларда  өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.

Тамақтану, университетке дейін келу, қайту жол-көлік шығыны қатысушылардың есебінен өтеледі.

Олимпиадаға қатысу үшін мектептен, келесі үлгі бойынша  толтырылған  тапсырыстар odp@ektu.kz электрондық адресі бойынша 2015 жылдың  мамыр айының 7-не дейін қабылданады.

Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиадаға қатысуға өтінім

Оқушының

толық аты-жөні

 

Пән мұғалімінің толық

аты-жөні

Оқытылатын тілі

Пәннің атауы

 

 

 

 

 

 

Мектеп директорының толық аты-жөні__________________________________

Мектептің атауы _____________________________________________________

Мектептің электрондық мекенжайы______________________________________

Мектептің мекенжайы, байланыс телефондары_____________________________

Қатысушыларды тіркеу 11.05.2015 ж. сағат 08.30 - 09.00 дейін акт залында өтеді.

Олимпиаданың ашылуы: сағат 9.00-де;

Олимпиаданың жабылуы: сағат 16.00-де акт залында өтеді.

Мекенжай: Өскемен қаласы, Серікбаев  к-сі, 19, Г-1-136 кабинет.

Тел: 8(7232) 54-02-85, электронды мекенжай odp@ektu.kz.