+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Санкт-Петербург жас дарындарды қарсы алуда
30 Сәу, 12:17

2015 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Санкт-Петербург қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған халықаралық бейіндік ауысымға қатысып қайтты.

Бейіндік ауысым бағдарламасында:

- «Парасат, білім беру және технология» шоғырланған сеанстарға қатысу;

- «Оқитын адам – болашақ ғалым» конкурсына қатысу;

- Ұлттық механика және оптика ақпараттық технологиялар университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Васильевпен кездесу;

- «Әуестену әлемі» білім кеңістігіндегі жұмыс;

- Ғалым-ұстаз, көптеген оқулықтардың авторы, физика-математика ғылымдарының докторы М.Н. Башмаковпен кездесу;

-  «Кенгуру плюс» техникалық тестілеу орталығына бару;

- «Кенгуру – математика барлығы үшін» рейтингтік олимпиадасына қатысу болды.

«Кенгуру-математика барлығы үшін» олимпиадасының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен:

- Кабаева Томирис – Өскемен қаласы №38 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы.

II дәрежелі дипломмен:

- Сейтқазин Бекболат - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 8 сынып оқушысы;

- Амантаев Санжар - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 8 сынып оқушысы;

- Мырзаханов Ілияс – Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;

-  Есеналиева Аружан – Семей қаласы №37 гимназияның 9 сынып оқушысы.

III дәрежелі дипломмен:

- Оралғазина Қаламқас – Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 10 сынып оқушысы;

- Шарипбаев Думан - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық  дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы;

- Мамутханова Айдана - Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы марапатталды.

«Кенгуру-математика барлығы үшін» олимпиадасының гран-при жүлдесі Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Жашенова Назеркеге табыс етілді

Қатысушыларға қызықты мәдени-танымдық бағдарлама:

Петропавловск қорғанына, Петергоф каласының үлкен Петр сарайына және саябағына бару, Екатерина сарайының саябағына мен янтарлық бөлмесіне, «Аврора» крейсеріне, Исаакиевск соборына, Мемлекеттік эрмитаж, Пулков обсерваториясына, Ұлы Отан соғысының мұражайына саяхат ұйымдастырылды.