2015 жылдың 19-25 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары Санкт-Петербург қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығымен ұйымдастырылған халықаралық бейіндік ауысымға қатысып қайтты.
Бейіндік ауысым бағдарламасында:
- «Парасат, білім беру және технология» шоғырланған сеанстарға қатысу;
- «Оқитын адам – болашақ ғалым» конкурсына қатысу;
- Ұлттық механика және оптика ақпараттық технологиялар университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор В.Н. Васильевпен кездесу;
- «Әуестену әлемі» білім кеңістігіндегі жұмыс;
- Ғалым-ұстаз, көптеген оқулықтардың авторы, физика-математика ғылымдарының докторы М.Н. Башмаковпен кездесу;
- «Кенгуру плюс» техникалық тестілеу орталығына бару;
- «Кенгуру – математика барлығы үшін» рейтингтік олимпиадасына қатысу болды.
«Кенгуру-математика барлығы үшін» олимпиадасының қорытындысы бойынша барлық қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды.
І дәрежелі дипломмен:
- Кабаева Томирис – Өскемен қаласы №38 орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы.
II дәрежелі дипломмен:
- Сейтқазин Бекболат - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 8 сынып оқушысы;
- Амантаев Санжар - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 8 сынып оқушысы;
- Мырзаханов Ілияс – Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы;
- Есеналиева Аружан – Семей қаласы №37 гимназияның 9 сынып оқушысы.
III дәрежелі дипломмен:
- Оралғазина Қаламқас – Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық лицейінің 10 сынып оқушысы;
- Шарипбаев Думан - Семей қаласы Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің 10 сынып оқушысы;
- Мамутханова Айдана - Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы марапатталды.
«Кенгуру-математика барлығы үшін» олимпиадасының гран-при жүлдесі Өскемен қаласы №3 көпбейінді мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Жашенова Назеркеге табыс етілді
Қатысушыларға қызықты мәдени-танымдық бағдарлама:
Петропавловск қорғанына, Петергоф каласының үлкен Петр сарайына және саябағына бару, Екатерина сарайының саябағына мен янтарлық бөлмесіне, «Аврора» крейсеріне, Исаакиевск соборына, Мемлекеттік эрмитаж, Пулков обсерваториясына, Ұлы Отан соғысының мұражайына саяхат ұйымдастырылды.