+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО дарынды оқушылары жалпыресейлік олимпиадасында
30 Сәу, 03:29

2015 жылдың 19 - 26 сәуірі аралығында облысымыздың дарынды оқушылары Мәскеу облысы Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасында аймақтың намысын қорғады.

Сайыстың негізгі мақсаты: балалар мен жастарды қазіргі заманғы экологиялық мәселелерді түсінуге, техникалық - инженерлік және зерттеушілік мамандықтарға деген қызығушылығын қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысынан 9 оқушы қатысып, сайыстың қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

І дәрежелі дипломмен:

- Өскемен қаласы, №38 мектеп - гимназиясының 10 сынып оқушысы Аружан Ауданбекова;

- Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған физика, математика және информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектептің 9 сынып оқушысы Камила Айтпаева.

ІІ дәрежелі дипломмен Семей қаласы, №6 гимназияның 11 сынып оқушысы Айсана Рахым.

ІІІ дәрежелі дипломмен Өскемен қаласы, №38 мектеп - гимназиясының 11 сынып оқушысы Ғабитқызы Дана марапатталды.

Сайысқа қатысушылар үшін қызықты мәдени-танымдық бағдарлама, ұшуды басқару орталығына және әскери әуе күштері мұражайына, Мәскеу қаласының  көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды.

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиаданың барлық қатысушыларына, ұстаздарына келешекте табыс тілейміз!